6 маусымда Байқоңырдан Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) "Союз" ғарыш кемесімен үш ғарышкер ұшырылады.
Ресейлік Сергей Прокопьев, германиялық Александр Гершт және АҚШ астронавты Серена Аунон-Канцлер халықаралық ғарыш станциясында алты ай болады. Ғарышкерлер станцияда ғылыми зерттеулер жүргізеді. Ғарыш кемесі станциямен 8 маусымда түйіседі деп жоспарланып отыр.
Жерден шамамен 400 километр қашықтықта орбитада жүрген Халықаралық ғарыш станциясында қазір америкалық екі астронавт пен Ресейдің бір ғарышкері бар. Станция командирі Дрю Фейстел және инженер ұшқыштар Рики Арнольд пен Олег Артемьев ғарыш станциясына наурызда ұшырылған. Олар Жерге 14 маусымда оралуға дайындалып жатыр.