Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин IBF (Халықаралық бокс федерациясы) тұжырымы бойынша әлем чемпионы белбеуінен айырылды. Бұл туралы BoxingScene және ESPN сайттары хабарлады. Головкинді белбеуінен айыру туралы шешім 6 мауым күні IBF тыңдауында қабылданған.
IBF бұған дейін Головкинді IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы белбеуінен үміткер украиналық Сергей Деревянченкомен кездесуін 3 тамызға дейін келісуге міндеттеген. Головкиннің командасы 23 мамыр күні өткен тыңдауда кездесу мерзімін анықтауды екінші рет ұзартуды сұраған.
IBF ережесі бойынша, белбеу иесі кездесу мерзімін анықтауды ұзарту құқығын бір-ақ рет пайдалана алады. Головкин бұл құқығын 5 мамырда америкалық Ванес Мартиросянды жеңген кезінде пайдаланған. Головкин ол кездесуінде WBA, WBC, IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағын қорғап қалған. Бірақ IBF бұл жекпе-жекке санкция салып, Головкинге IBF белбеуін қорғауға рұқсат бермеген. Ұйым Головкин IBF белбеуін қорғау үшін украиналық Сергей Деревянченкомен кездесуі тиіс деген.
Оқи отырыңыз: Головкин Мартиросянды екінші раундта құлатты
Головкин IBF белбеуін 2015 жылы қазанда канадалық Давид Лемьені техникалық нокаутпен ұтқан кезде жеңіп алған.