Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанды қайтадан президент болып сайлануымен құттықтады деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Назарбаев Қазақстан халқы мен өз атынан Ердоғанды 24 маусымда өткен сайлауда жеңіске жетуімен құтықтады.
"Сайлау нәтижесі Түркия халқының сіздің ел басшылығындағы қызметіңізді жоғары бағалайтынын, сіз жүргізіп отырған саяси және экономикалық реформаларды және сіз айқындаған дамудың стратегиялық бағыттарын қолдайтынын көрсетеді. Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара сыйластық пен бауырластыққа құрылған дәстүрлі достық қарым-қатынас екі ел халқының игілігіне қызмет ететініне және келешекте стратегиялық әріптестігіміз жаңа сапалы деңгейге көтерілетініне сенімдімін" делінген құттықтау жеделхатында.
Оқи отырыңыз: Құзыры кеңейген Ердоғанның жеңіске жеткені жарияланды
Түркияда 24 маусымда мерзімінен бұрын парламент және президент сайлауы өтті. Түркияның Жоғарғы сайлау комитеті 25 маусым күні таңертең іс басындағы президент Режеп Тайып Ердоғанның сайлауда жеңіске жеткенін мәлімдеді. Құзыры кеңейген Ердоған кезекті мерзім президент қызметін атқарады.