Швецияда жол апатынан болатын қаза саны азайған
Your browser doesn’t support HTML5
Осыдан 20 жыл бұрын Швецияда жыл сайын 500-ден астам адам, яғни әр миллион адамның 60-ы жол апаты салдарынан қаза табатын. 2017 жылы бір миллион тұрғынға шаққанда бұл көрсеткіш 25 адамға дейін азайған. Қазақстан постсоветтік және Еуропа елдері арасында жол апаты салдарынан көп адам құрбан болатын елге жатады. "Настоящее время" видеосында (орыс тілінде) Швецияда жол апатынан келетін қаза санын қалай азайтқаны жайлы баяндалады.