АҚШ президенті Дональд Трамптың бұрынғы көмекшісі Пол Манафорттың бухгалтері жалға құжаттар жасағанын мойындады. Синтия Лапорта бұл туралы Вирджиниядағы сот отырысында мәлімдеген. Оның алдында бухгалтер тергеумен келісім жасасқан деп хабарлайды Reuters. Лапортаның сөзінше, ол Манафорт пен оның бизнес әріптестерінің өтініші бойынша жалған салық есептерін жасаған. Соның арқасында Трамптың бұрынғы көмекшісі шетелдік кіріс көздерінен түскен миллион долларға жуық ақшаны жасырып қалуға мүмкіндік алған.
Пол Манафортқа қаржы алаяқтығы, АҚШ-қа қарсы жасырын сөз байласу және Украинаның бұрынғы президенті Виктор Янукович пен оның Аймақтар партиясының мүддесіне заңсыз жұмыс істеген деген айыптар тағылған. Трамптың бұрынғы көмекшісінің ісі бойынша сот шілденің 31-і күні басталған. Бұл Америка сайлауына Кремльдің ықтимал араласуы тергеу аясындағы алғашқы сот процесі. АҚШ президенті Дональд Трамп бұл тергеуді тоқтатуды бірнеше рет талап еткен. Мәскеу АҚШ сайлауына араласқаны туралы айыптарды жоққа шығарады.