Қазақстан қор биржасында 10 тамызда доллардың теңгеге шаққандағы орташа бағамы тағы көтеріле түсті. Бүгін биржада күндізді сауда сессиясында доллардың орташа бағамы 356 теңге 80 тиынға жетіп, кешегі бағаммен салыстырғанда 2 теңге 74 тиынға қымбаттады. Биржа мәліметі бойынша, доллар бағамы соңғы бір ай шегінде 13 теңге 69 тиынға көтеріліп отыр.
Биржада бүгін барлығы 176,9 миллион доллар сатылған.
Kyrs.kz сайтындағы мәлімет бойынша, Алматы мен Астанадағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 356-358 теңге аралығында сатылып жатыр.