Ұлыбританияда ресейлік бұрынғы агент Сергей Скрипаль мен қызы Юлия Скрипальдің улануы ісі бойынша күдікті деп танылғандар Ресей билігіне белгілі. Бұл туралы 12 қыркүйекте Владивостокта өтіп жатқан Шығыс экономикалық форумында Ресей президенті Владимир Путин мәлімдеді. Путиннің айтуынша, күдіктілер - қарапайым адамдар.
"Біз әрине, ол адамдардың кім екенін анықтадық, олардың кім екенін білеміз. Оларды таптық. Бұл жерде қылмыстық әрекет жоқ" деді Путин.
Ресей президенті бұған қоса күдіктілер оқиғаға қатысты мән-жайды БАҚ-қа өздері айтып бере алатынын айтты.
Оқи отырыңыз: Ұлыбритания "Скрипальді улаған - ГРУ агенттері" деп біледі
Өткен аптада Ұлыбритания билігі әкелі-балалы Скрипальдерге Ресей әскери барлау қызметінің (ГРУ) Александр Петров және Руслан Боширов деген атпен белгілі екі қызметкері у беріп қастандық жасады деп күдіктенетінін мәлімдеген.