18 қыркүйекте Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин үш күндік сапармен Пхеньянға келді. Әуежайда оны Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын күтіп алды. Бұл - Оңтүстік Корея президентінің соңғы 11 жылдағы Солтүстік Кореяға жасаған алғашқы сапары.
Мун Чжэ Ин мен Ким Чен Ын екеуі бір көлікке отырып, сыйлы қонақтарға арналған "Пэкхвавон" резидентциясына барды. Онда бүгін келісөздердің алғашы кезеңі басталады. Екі ел президенті Солтүстік Корея ядролық бағдарламасын тоқтату, қос Кореяның өзара байланысы, Пхеньян мен Вашингтон арасындағы диалогтың жалғасы сияқты мәселелерді талқылайды.
Бұл - қос Корея жетекшілерінің соңғы бір жылдағы үшінші саммиті. Екі саммит биыл сәуір мен мамыр айларында өткен. Сәуірдегі кездесуінде Мун Чжэ Ин мен Ким Чен Ын екі ел арасында бейбіт келісім жасауға ниетті екендіктерін мәлімдеген.