Пәкістанның жаңа премьер-министрі Имран Хан, Пәкістанда туылған ауған және бенгал босқындарының балаларына азаматтық беруге уәде берді. Олардың көбі Пәкістанда ондаған жылдан бері тұрып келеді.
Имран Хан қыркүйектің 16-сы күні Пәкістанда тұрып жатқан жүздеген мың босқын әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінен қағылғанын айтты. Оның сөзінше, құжаттарына қатысты проблемалар мен білімсіздік босқын балалардың жұмысқа тұруына кедергі, жоқшылық оларды қылмысқа иетермелейді.
Пәкістанда шамамен 1,4 миллион ауған және 250 мың бенгал босқыны тіркелген. БҰҰ Имран Ханның бұл мәлімдемесін құптарлық деп бағалады.