Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Маңғыстауда түсірілім жасамақ болған франциялық режиссер Венсан Прадо ісіне қатысты пікір білдірді.
- Бізге хат жазғанда, аккредитация алуға рұқсат жазғанда нақты түсіретін шараларын көрсеткен. Ол тізімде Маңғыстау мүлде болмады. Ол үйлену тойы, мәдениет, салт-дәстүр туралы түсірем деген. Шудағы арнайы операцияны түсіруге рұқсат сұраған. Ішкі істер министрлігі түсірілім жасау жағын ұйымдастырып берді, - деді министрлік өкілі Айбек Смадияров.
27 қыркүйекте Ақтау әкімшілік соты Франция азаматы, Ligne de Front студиясының режиссері, журналист Венсан Прадоға "Қазақстанның көші-қон туралы заңын бұзғаны" үшін 60 мың теңге (шамамен 165 АҚШ доллары) көлемінде айыппұл салған. Маңғыстауға 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасы туралы фильм түсіруге келген режиссер өзіне тағылған айыппен келіспейді.
Your browser doesn’t support HTML5