Пентагон АҚШ-Мексика шекарасының оңтүстік-батыс бөлігіне бес мың әскери қызметкер орналастыруды жоспарлап отыр. Мұндай шешім мыңдаған босқынның АҚШ-қа қарай бет алуына байланысты қабылданып отыр.
Осыған дейін шекарада 800-ге тарта сарбаз бар делінетін. Wall Street Journal-дың жазуынша, бес мың сарбаз - америкалық кеден қызметкерлерінің шамамен үштен біріне тең.
АҚШ Қорғаныс министрлігі жыл басынан бері Мексикамен шекаралас аймақтарға екі мыңдай әскер жіберген.
Америкалық БАҚ Мексика аумағы арқылы АҚШ-қа қарай бет алып келе жатқан босқындар легін басты назарда ұстап отыр. Мигранттар легі Мексикамен көршілес елдерден келіп жатыр. Мексика үкіметі қоныс аударып келгендерді жұмысқа орналастыру және оларға баспана беру жөнінде арнайы бағдарлама жариялаған. АҚШ билігі де босқын мәртебесі аса мұқтаж адамдарға берілетінін мәлімдеген. Бірақ Мексика да, АҚШ та барлық босқынды бірдей кіргізе алмайтынын ескерткен.