Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі 6 шілде күні кешке қаладағы Әл-Фараби алаңында полицияның шамамен 50-ге жуық адамды ұстағанына куә болды. Полицейлер және азаматтық киім киген адамдар ешқандай ұран көтермесе де, алаңда жүрген азаматтарды қызметтік автобустар мен микроавтобустарға отырғызып алып кеткен. "Не үшін ұстадыңыздар?" деген Азаттық тілшісінің сұрағына полиция қызметкерлері жауап бермеді.
Дәл осы жерден ақпарат таратуға тырысқан Азаттық тілшісіне белгісіз адам фото-видео түсіруге кедергі жасады. Қолшатыр белгісіз ұстаған адам камераның алдын көлегейлеп отырған. Формасыз адамдар көшедегі жүргіншілерді ұстап, полиция көлігіне күшпен отырғызған. Оқиғаны түсірмек болған кезінде белгісіз адам үнемі қолшатыр тұтып тұрып алған. Шымкентте формасыз адамдардың наразыларды ұстап, белгісіз адамдардың қолшатырмен кедергі жасауы бір бұл емес.
Оқи отырыңыз: Шымкентте белгісіз 2 адам Азаттық тілшісіне бөгет жасады
Биыл 12 маусымда Шымкентте беттеріне маска киген белгісіз екі адам Азаттық тілшісі Дилара Исаның қызметіне тура осындай тәсілмен кедергі келтірмек болған. 10 маусым күні де Азаттықтың қолшатыр ұстаған бір адам тілші қызметіне кедергі келтірген. Ал 9 маусымда Нұр-Сұлтанда наразылық шарасынан хабар таратуға барған Азаттық тілшісі Тимур Айтмұхаметовке де белгісіз біреу қолшатырмен кедергі келтірген. Қолшатыр ұстаған адам Азаттық операторының камерасын жапқан. Қазақстан астанасында бұл оқиға бүгін де қайталанды.
Оқи отырыңыз: Белгісіз біреулер Азаттық тілшілеріне газ шашып, жұмысына кедергі келтірді
6 шілде астана күні Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент және Ақтөбеде полиция "рұқсат етілмеген митингке шыққан" жүздеген адамды ұстады. Азаттық оқиға орындарынан тікелей эфирде хабар таратты.
Бұған дейін өзін қазіргі биліктің оппоненті ретінде атайтын, бұрынғы банкир Мұхтар Әблязов 6 шілдеде азаматтарды жаппай наразылық шарасына шақырған еді. Ол "митинг орны" ретінде белгілеген орындарда бүгін полиция азаматтарды ұстаған.
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні - 6 шілде елде астана күні ретінде тойланып келеді.
ВИДЕО: Шымкенттегі ұстаулар (6 шілде 2019 жыл).
Your browser doesn’t support HTML5