Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың қамаудағы уақыты 26 қазанға дейін ұзартылды. 20 тамызда Бішкектегі Первомайский аудандық соты прокурордың Атамбаевтың қамау мерзімін ұзарту шағымын қанағаттандырды. Бұған дейінгі шешімге сай, Атамбаев тергеу изоляторында 26 тамызға дейін отыруы тиіс болған. Адвокат Замир Жоошев шешімге қарсы арыз жазбақ.
8 тамызда Қырғызстанның күштік құрылымдары Кой-Ташта жүргізген екінші операциядан кейін елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты ұстады.
Кейін елдің күш құрылымдары Атамбаевқа "тәртіпсіздіктер ұйымдастыру", "заңсыз қару айналымы", "тергеуге кедергі жасау", "кепілге адам алу", "кісі өлтіру" және "адам өлтіруге оқталу" баптары бойынша 14 айып тағып, қамауға алған.
Кейін Қырғызстан бас прокуратурасы Атамбаевтың әйелі Раиса Атамбаеваға қарсы қылмыстық іс қозғады. Бұл іс президент аппаратының сот реформасы және заңдылық бөлімінің бұрынғы меңгерушісі "жемқорлық" айыбы тағылған Манас Арабаевтың ісі аясында қозғалған.
Биыл мамырда Қырғызстан парламенті бұрынғы президентке тиіспеушілік туралы заңға өзгертулер енгізген. 27 маусымда парламент Атамбаевты экс-президент және тиіспеушілік мәртебесінен айырған.
Алмазбек Атамбаев Қырғызстанды 2011-2017 жылдары басқарған. 2017 жылғы қазанда өткен сайлауда өзін қолдайтын билік партиясының кандидаты Сооронбай Жээнбеков президент болып сайланып, қызметін кіріскенде Атамбаев оған батасын берген.
Видео: Атамбаев пен Жээнбековтің егесіне не түрткі болды?
Your browser doesn’t support HTML5