Мұрат Әйтенов президент жарлығымен Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалды деп хабарлады Ақорда сайты. Ол 2019 жылдың желтоқсан айынан бері қала әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған. Ақорда Ерлан Айтахановтың президент жарлығымен қызметінен босатылғанын хабарлады.
Мұрат Әйтенов 1981 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында (қазіргі Түркістан облысы) туған. Әр жылдары қорғаныс министрлігінде, президент істері басқармасында түрлі қызмет атқарған.
Бұған дейін Шымкент қаласының әкімі болған Ерлан Айтаханов 2019 жылы 30 шілдеде бұл қызметке келген. Оның алдында қаланы басқарған Ғабидолла Әбдірахымов "даулы видеодан" кейін қызметтен кеткен еді.
Оқи отырыңыз: Лондонда түсірілген видеодан соң Шымкент әкімі қызметінен босады