Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 28 наурыз 20.28-дегі дерегі бойынша, Қарағанды облысында - үш адамнан, Атырау облысында бір адамнан коронавирус табылды.
Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, Атырау облысында вирус жұқтырған адам - медбике. Ал Қарағанды облысы әкімдігі вирус жұқтырған осы адам осыған дейін карантинде жатқанын, ешкіммен байланыста болмағанын айтты.
Қазақстанда 28 наурыз 21:00-ге дейін 58 адамнан вирус табылғаны белгілі болды. Нұр-Сұлтанда - 42 адам, Алматыда - 3 адам, Қарағанды облысында - 3 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Ақмола облысында - 2 адам, Алматы облысында - 3 адам, Қызылорда облысында - 1 адам, Атырау облысында 2 адам вирус жұқтырған.
Қазір елде барлығы 208 адамнан вирус табылды:
- Нұр-Сұлтанда - 117 адам
- Алматыда - 58 адам
- Қарағандыда - 7 адам
- Атырау облысында - 5 адам
- Ақмола облысында - 5 адам
- Алматы облысында - 4 адам
- Жамбыл облысында - 3 адам
- Шымкентте - 2 адам
- Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам
- Ақтөбе облысында - 1 адам
- Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам
- Павлодар облысында - 1 адам
- Маңғыстау облысында - 1 адам
- Қызылорда облысында - 1 адам.
Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай. 28 наурыздан бастап Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында сақтық шаралары күшейтілді. Бұл қалаларда жұрт тек тамақ, дәрі алуға және жұмысқа шыға алады. Ал 30 наурыздан – 5 сәуір аралығында Нұр-Сұлтанда демалыс жарияланды. Бұл аралықта қалада қоғамдық көлік жүрмейді. Тек дәрігерлер, полицейлер, орган қызметкерлері мен коммуналдық қызмет өкілдері ғана жұмысқа шығады.