4 сәуір таңертең денсаулық сақтау министрлігі Түркістан облысында бір науқас коронавирустан көз жұмды деп хабарлады.
Қазақстанда барлығы төрт адам вирустан қайтыс болды. 1 сәуірде Қарағандыда бір науқас көз жұмған. 31 наурызда Нұр-Сұлтанда 50 жастағы ер адам қайтыс болған. 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылының 64 жастағы тұрғыны көз жұмған еді.
4 сәуір таңертең министрлік Қазақстанда 36 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады.
Министрліктің дерегінше, Алматыда - 16, Солтүстік Қазақстан облысында - 7, Қарағанды облысында - 4, Түркістан облысында - 4, Атырау облысында - 2, Маңғыстау облысында - 1, Жамбыл облысында 1 адамға вирус жұққаны анықталған.
Елде науқастардың жалпы саны 500 адамға жетті:
- Нұр-Сұлтанда - 202 адам
- Алматыда - 109 адам
- Қарағандыда - 26 адам
- Атырау облысында - 16 адам
- Ақмола облысында - 19 адам
- Алматы облысында - 9 адам
- Қызылорда облысында - 26 адам
- Жамбыл облысында - 9 адам
- Шымкентте - 12 адам
- Батыс Қазақстан облысы - 2 адам
- Шығыс Қазақстан облысында - 4 адам
- Ақтөбе облысында - 7 адам
- Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам
- Павлодар облысында - 1 адам
- Маңғыстау облысында - 3 адам
- Қостанай облысында - 1 адам
- Түркістан облысында - 23 адам.
Коронавирустан 29 адам (Алматыда - 13 адам, Нұр-Сұлтанда - 16 адам) айыққан.