Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 6 сәуірде түскі сағат 14:49-та 20 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Жамбыл облысында - 1, Шығыс Қазақстан облысында – 1, Маңғыстау облысында – 2, Қарағанды облысында – 16 адамға вирус жұққаны анықталған.
Елде қазір 604 адамға коронавирус жұқтырды. 45 адам (Нұр-Сұлтанда - 25, Алматыда - 21) аурудан жазылды. 6 адам қайтыс болды.
Вирус жұқтырған 604 адам мына аймақтарда:
Нұр-Сұлтан қаласы – 219
Алматы қаласы – 116
Шымкент қаласы – 14
Ақмола облысы – 23
Ақтөбе облысы – 11
Алматы облысы – 10
Атырау облысы – 29
Шығыс Қазақстан облысы – 6
Жамбыл облысы – 29
Батыс Қазақстан облысы – 2
Қарағанды облысы – 48
Қостанай облысы – 1
Қызылорда облысы – 37
Маңғыстау облысы – 5
Павлодар облысы – 1
Солтүстік Қазақстан облысы – 25
Түркістан облысы – 28