Динагүл Баешеваның сөзі
Your browser doesn’t support HTML5
Қазақстан билігі 3 маусымнан бастап коронавирус жұқтырғандарды "симптомы бар" және "симптомы жоқ" деп екіге бөліп есептеп жатыр. "Симптомы жоқтар" ресми статистикаға енбейді. Қазақстанның бас инфекционисі Динагүл Баешева маусым айының ортасында Азаттық тілшілеріне берген видео сұхбатта "симптомы жоқтарды статистикаға қоспау әлемнің көп елінде, соның ішінде Швеция, Беларусь, Италия бар" деген еді. Азаттық дәрігердің бұл сөзі шындыққа жанаспайтынын анықтады.