"Малша сүйреп, автозакқа салды". Митингіге жетпей ұсталған белсенділер не дейді?
Your browser doesn’t support HTML5
Қазақстанда өткен жұма күні өтуі тиіс болған митингіде қанша адам ұсталғаны жөнінде Ішкі істер министрлігі ешқандай мәлімет бермеді. Азаттық тілшілері Нұр-Сұлтан мен Ақтөбеде бірнеше адамды арнайы жасақ алып кеткенін көрген. Ал "митингіге жетпей ұсталдық" деген белсенділер полиция департаментінде бірнеше сағат отырғанын айтады.