Физиология және медицина бойынша 2020 жылғы Нобель сыйлығы С гепатиті вирусын ашып, осы дертпен күреске үлес қосқан ғалымдарға берілді.
Лауреаттардың есімдері Стокгольмдегі рәсім кезінде аталды. Олар – америкалық Харвин Олтер мен Чарльз Райс және британдық Майкл Хоутон.
Нобель комитетінің мәлімдемесінде айтылғанындай, осы ғалымдар зерттеулерінің арқасында созылмалы гепатит себептері анықталып, миллиондаған адам ажалдан арашалаған дәрі-дәрмек жасалды.
85 жастағы америкалық вирусолог және инфекционист Харви Олтер – Ұлттық денсаулық сақтау институтына қарасты қан құю институтының инфекциялық аурулар бөлімінің басшысы. Майкл Хоутон Канаданың Альберта аймағындағы вирусология институтында жұмыс істейді. Ал Чарльз Райс – Нью-Йорктегі Рокфеллер университетінің вирусология профессоры.
Дәстүрлі Нобель апталығы дүйсенбіде медицина саласындағы лауреаттарды жариялаудан басталды.