Қарабақ келісімімен келіспеген армяндар парламент үйін қалай басып алды?
Your browser doesn’t support HTML5
10 қарашада Ереванда наразылар Армения парламентінің ғимаратына басып кірді. Олар Армения, Әзербайжан және Ресейдің Таулы Қарабақтағы қақтығысты аяқтау келісіміне қарсы шықты. Бұл келісімге сай, Таулы Қарабақтың біраз бөлігі Әзербайжанға өткен. Парламентті басып алған жүздеген адам ел премьері Никол Пашинянның отставкасын талап етті.