"Әскери төңкеріске талпыныс", Пашинян отставкасын талап ету. Арменияда не боп жатыр?

Армения премьер-министрі Никол Пашинян жақтастарының алдында сөйлеп тұр. Ереван, 25 ақпан 2021 жыл.

Арменияда әскерилер елдің премьер-министрі Никол Пашинянның "отставкасын" талап етті. Ал Пашинян Бас штабты "әскери төңкеріс жасауға талпынды" деп айыптады. Елде саяси дағдарыс күшейіп, Пашинян жақтастары мен оппозиция Ереван орталығына шықты.

ҚАЗІРГІ АХУАЛ ҚАНДАЙ?

25 ақпанда Ереванда екі түрлі митинг өтті. Пашинян 20 мыңдай жақтасының алдында шығып, Бас штаб басшысы Оник Гаспарянның ерікті түрде қызметтен кетуін талап етті. Ол елде билік тек кезектен тыс я кезекті сайлау арқылы ауысатынын жеткізді.

"Кейбіреулер әскерімізді, қарулы күштерімізді демократияға және Конституцияға қарсы пайдаланғысы келеді. Бас штабтың мәлімдемесі – әскери төңкеріске талпыныс. Премьер-министр ретінде барлық сарбаздарға, офицерлер мен генералдарға айтарым, мырзалар, Армения шекарасын, территориялық тұтастығын қорғап, жұмыстарыңызды істеңіздер" деді ол.

Бас штаб 25 ақпанда таратқан мәлімдемесінде "премьер-министр мен үкімет армян халқының тағдыры шешілер тұста дұрыс шешім қабылдай алмайды. Армения қарулы күштері ұзақ уақыт бойы қысымға шыдап келді, бірақ бәрінің шегі бар" деген еді.

17 оппозициялық партия кіретін "Отанды құтқару қозғалысы", елдің бұрынғы президенттері Роберт Кочарян, Серж Саргсян әскерилерді қолдады. Ал парламенттегі басым орынға ие, Пашинянды жақтайтын "Мой шаг" фракциясы мен елдің қорғаныс министрлігі Бас штабтың премьер отставкасын талап етуі және әскердің саясатқа араласуы Конституцияға қарсы деп атады.

Бірнеше айдан бері Пашинян оставкасын талап етіп жүрген "Отанды құтқару қозғалысы" 25 ақпанда парламент маңында наразылық ұйымдастырып, Пашинян қызметтен кету керек деді.

Пашинянның оставкасын талап еткендер. Ереван, 25 ақпан 2021 жыл


Оппозициялық топтар 26 ақпанда оппозициялық фракциялар парламентте кезектен тыс сессия өткізіп, елдегі саяси жағдайды талқылайтынын мәлімдеді. Оппозиция премьерлікке кандидат ретінде ұсынып отырған Вазген Манукян Пашинян биліктен кеткенше наразылықты жалғастыра беретіндерін айтты.

АҚШ екі тарапты қақтығысқа бармауға шақырды. Ал Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Путин пен Пашинян телефон арқылы сөйлескенін айтып, " Путин Арменияның заңды билігін қолдайды, жақын арада жағдай реттеледі деп үміттенеді" деді.

ТЕКЕТІРЕСКЕ НЕ СЕБЕП БОЛДЫ?

Пашинян, оппозиция және Бас штаб арасындағы тартысқа Таулы Қарабақтағы қақтығыс пен Ресейдің "Искандер" ракеталық кешені себеп болды.

Экс-президент Саргсян ел әскері "Искандер" кешенін Таулы Қарабақтағы қақтығыстың бірінші күнінен бастап қолдануы тиіс еді деген. Пашинян жауап ретінде "Искандер" кешені қақтығыс кезінде "тиімсіз болды, жарылмады я он пайызы ғана жарылды" деген.

Ал Бас штаб басшысының орынбасары Тиран Хачатрян "Искандер" кешеніне бұлай "атүсті баға беруге болмайды" деп жауап қатты. Осыдан соң Пашинян Хачатрянды қызметінен алды. Армениялық басылымдар Хачатрянның қызметтен қуылуына осы сөзі себеп болды деп санайды.

Былтыр қыркүйекте Армения мен Әзербайжан Таулы Қарабақ үшін қақтығыс бастап, алты аптаға созылған жанжалда екі тараптан мыңдаған адам қаза тапты.

Қарашада Мәскеудің араласуымен Пашинян мен Әзербайжан президенті Илхам Әлиев бітім келісіміне қол қойды. Армения Таулы Қарабақтың біраз жерін Әзербайжанға берді. Осы келісімнен соң Баку жеңіс парадын ұйымдастырды. Ал Арменияда халық Пашинянның келісімге қол қоюына наразылық білдіріп, оның биліктен кетуін талап ете бастады.

ТАУЛЫ ҚАРАБАҚ ЖАНЖАЛЫ ЖАЙЛЫ ФАКТІЛЕР

Халықаралық деңгейде Таулы Қарабақ Әзербайжан жері саналады. Даудың басы СССР-дің ыдырау алдында басталды. Совет одағы кезінде тұрғындарының көбі этникалық армян болған аумақ Әзербайжанның қарамағында болған.

Оқи отырыңыз

Таулы Қарабақ. 30 жылдық текетірестің хроникасыТаулы Қарабақ жайлы сіз білу керек 5 дерек

1988 жылы Таулы Қарабақтағы армяндар Әзербайжаннан бөлінетінін мәлімдеп, оның арты алты жылға созылған соғысқа ұласты. Соғыс 1994 жылы аяқталып, оның нәтижесі бойынша Таулы Қарабақ Ереван қолдауына ие этникалық армяндардың бақылауында қалды.

Осы дауды шешу үшін ЕҚЫҰ аясында Минск тобы құрылған еді. Оған Ресей, Франция және АҚШ елдері қатысты. Алайда Минск тобы тараптарды қанағаттандыратын нәтиже бермеді.

2020 жылы қарашадағы Мәскеудің араласуымен болған келісімнен соң Таулы Қарабақ жері былай бөлінді: