Ақтөбеде Әблязов митингіcіне келген он шақты адам ұсталды
Your browser doesn’t support HTML5
6 шілде күні Ақтөбе қаласындағы Орталық стадионның маңынан полиция он шақты адамды ұстап әкетті. Шетелдегі оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов жұртты митингіге шақырғанда Ақтөбеде наразылық орны ретінде осы маңды атаған. Ұсталғандардың арасында бұған дейін де митингіге қатысып жүргендер де бар. Полиция адамдарды әкетіп жатқанда қолшатыр ұстағандар Азаттық тілшісінің жұмысына кедергі келтірді.