Ресей одақтастарын Ауғанстаннан келетін қауіп-қатерден қорғау үшін барлық әрекеттерді іске қосады. Осылай деп өлкенің сыртқы істер министрі Сергей Лавров тәжік-ауған шекарасындағы жағдай туралы пікірін білдірген кезде айтты.
"Біздің одақтастарымызға төнетін қандай да бір агрессивті қадамдар болса, барлық әрекетпен көмектесуге дайынбыз, оның ішінде тәжік-ауған шекарасын қорғауда ресейлік әскери базаны қолданамыз" деді Лавров.
Лавровтың сөзінше, бір күн бұрын тәжік-ауған шекарасына барған Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымының (ҰҚКҰ) хатшылығы өкілдері ондағы жағдайға баға беріп, мәлімет берді.
6 шілдеде ҰҚКҰ бірлескен штабының басшысы, генерал-полковник Анатолий Сидоров шағын топпен тәжік-ауған шекарасындағы жағдайды бағалау үшін Тәжікстанға барған.
Осыған дейін "РИА Новости" агенттігі тәжік Ұлттық қауіпсіздік қызметіндегі дереккөздеріне сілтеме жасап, тәліптер Тәжікстанмен шектесетін 1430 шақырым жердің 70% астамын басып алғанын жазған.
Тәжік президенті шекараны қорғау үшін қосымша 20 мың әскерді жұмылдыруды тапсырған.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Тәжікстан Ауғанстанмен шекарасын нығайту үшін 20 мың сарбазды жұмылдырмақ