2 тамызда Қазақстанда 149 адам коронавирустан қайтыс болды. Індет басталғалы бері бір күнде осынша көп адам өлімі тіркелмеген. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 125 адам – коронавирустан, 24 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмған.
Сәрсенбі күні коронавирус жұқтырғандар тағы шамамен 8 мың науқасқа көбейгені белгілі болды. 7519 адамның коронавирус тесті оң шыққан. 471 адамға коронавирус пневмониясы даигнозы қойылған.
Сейсенбі күні Нұр-Сұлтанда – 1351, Алматыда – 1558, Шымкентте – 502, Қарағанды облысында – 895, Атырау облысында 381 адамнан коронавирус анықталған. Бір күнде анықталатын науқастардың 60 пайыздан астамы осы үш қала мен екі облыс үлесінде. Соңғы мәлімет бойынша, Ақтөбе облысында (365) да вирус жұқтырғандар көбейген.
Сәрсенбі күні Түркістан облысы коронавирустың тарауы бойынша "сары аймақтан" "жасыл аймаққа" оралды. Қалған облыстар мен қалалар "қызыл аймақта" тұр.
2020 жылдың наурыз айынан бері Қазақстанда 602 мың адамның коронавирус тесті оң көрсеткен. 6227-і қайтыс болған.
Қазақстан билігі пневмонияның коронавирусқа ұқсас түрін 2020 жылдың тамызынан бері есептеп келеді. Содан бері 61 мың адамға сондай диагноз қойылған, 3781-і қайтыс болған.
Кейбір сарапшылар Қазақстан билігі таратқан коронавирус бойынша ресми мәліметке күмәнмен қарайды. Олардың пікірінше, билік коронавирус статистикасын азайтып көрсетуге тырысады немесе "коронавирус пневмониясы" сияқты бөліп-жарып, мәліметті бұрмалауға тырысады. Билік мұндай айыптауларды жоққа шығарған.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазір 107 мың адам коронавирустан емделіп жатыр. 29 мыңы стационарда жатыр. 2,1 мыңнан астам науқастың жағдайы ауыр. 209 науқас жасанды тыныс аппаратына қосылған.
Министрліктің мәліметінше, қазір инфекциялық ауруханалардағы орындардың – 54 пайызы, реанимациялық орындардың 44 пайызы бос емес.
Ресми мәлімет бойынша, Қазақстан халқының 30 пайызға жуығы коронавирусқа қарсы вакцинаның екі дозасын алған: 4 млн адамға екі дозасы салынған, 1,6 млн адам бір дозасын алған.
Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, Қазақстан әлемде коронавирус жұқтырғандар бойынша (656 мың науқас) 42-орында тұр. Постсоветтік кеңістікте Қазақстанның алдында тек Украина (2,3 млн) мен Ресей (6,2 млн) ғана бар.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
АҚШ Covid жылдам тарап жатқан "қауіпті елдер" тізімін жаңартты, арасында Қазақстан да барЦой: Қазақстан коронавирус бойынша оптимистік сценариймен келе жатырМіндетті вакциналауға кім және не үшін қарсы?Бекшин "індеттің төртінші толқыны тамыз ортасына қарай шарықтау шегіне жетеді" деп болжайдыЦой коронавирустан кісі өлімінің неге күрт артқанын түсіндірді