Жетібайдағы "West Oil Software" жұмысшыларының ереуілі төртінші күнге ұласты
Your browser doesn’t support HTML5
Маңғыстаудағы "West Oil Software" компаниясына қызмет ететін жүздеген адамның ереуілдеп жатқанына төрт күн болды. Олар "үкімет пен облыс басшысына жолдаған үндеуімізге биліктен әлі жауап жоқ" деп налиды. Жұмыс беруші айлықты 13% көтеруді ұсынған. Ереуілдеушілер оның ештеңеге жетпейтінін, өте аз екенін айтады.