Ауғанстанның солтүстік-шығысындағы Бадахшан уәлаятының вице-губернаторы жанкештілерден тұратын арнайы батальонның құрылғанын мәлімдеді. Батальон осы уәлаяттың аумағында болып, Ауғанстанның Тәжікстан және Қытай елдерімен шекарасын күзетеді.
Вице-губернатор молла Ахмад Ахмадидің сөзінше, батальон алдыңғы үкіметтің күштеріне соққы жасау үшін құрылған.
Ахмад Ахмади оларды батыл жауынгер деп атап, олардың көмегінсіз АҚШ-тың жеңу мүмкін болмас еді деді.
Ауғанстан тамыздың ортасынан бері тәліптердің бақылауында. Олар ел билігін Батыс әскерлері толық кетпей жатып-ақ қолына алған. 1996-2001 жылдар Ауғанстанда билік құрған "Талибан" адам құқығын, соның ішінде әйелдер құқығын өрескел бұзуымен көзге түскен. Қазір ауған халқы тәліптер ескі репрессиялық заңдарын қайта орнатады деп қауіптенеді.
Ауғанстанның көршілері тәліптермен қарым-қатынас орнатуға бейіл екенін көрсетті. Тек Тәжікстан ғана "Талибан" билігін мойындамай, Ауғанстаннан қашқан босқындарға қолдау көрсетіп отыр.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Мазасыз көрші. Орталық Азия елдері Ауғанстандағы тәліптер билігін мойындай ма?