Ресей нөмірімен жүрген көлік иелері Ақтөбеде де наразылық өткізді
Your browser doesn’t support HTML5
9 қарашада Ақтөбеде ресейлік нөмірдегі көлікпен жүрген 100 шақты адам облыс әкімдігі алдына жиналды. Олар көліктерінің тұраққа қойылып, иелеріне қайтарылмай жатқанына наразы. Дәл осындай митинг 8 қарашада Нұр-Сұлтан мен Семей қалаларында өткен. Ішкі істер министрлігі шеттен келген көлік заңға сәйкес тіркеуден өтуі қажет дейді.