Алматыдағы бір әйел мен үш баласының өлімі. Оқиғаның анық-қанығы
Your browser doesn’t support HTML5
Алматыда 22 қарашада бір әйел үйдің тоғызыншы қабатынан үш баласын лақтырып, артынан өзі секіріп кеткен. Төртеуі де қаза болды. Алматы полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға Жетісу ықшам ауданында болған. Терезеден 28 жастағы әйел мен оның алты, бес және екі жастағы үш баласы көз жұмған.