"Немеремді қазып алса, көріне өзім жатам". Тергеу наразылықта қаза болған марқұмның сүйегін қазып алмақ
Your browser doesn’t support HTML5
Алматыда 5 қаңтарда алаңда жараланып, сол күні ауруханада көз жұмған жігіттің денесін тергеу орындары қайта қазып алмақ. Туыстары 22 жастағы Бақыткелді Көлбаевты 7 қаңтарда жерлеген. Олар эксгумацияға үзілді-кесілді қарсы.