Ауладағы мәйіт, тұруға жарамсыз үйлер, Ресейдегі "той". Украинадағы соғыс. 18 наурыздағы фотолар

Киев қаласындағы шабуылға ұшыраған көпқабатты үйдің ауласында жатқан мәйіт. Қала билігі Ресей зымыранының қалдықтары көп қабатты үйге құлап, бір адам қаза тапты, төрт адам жараланды деп мәлімдеді. 

Ресей әскерінің шабуылынан бүлінген Киевтегі көпқабатты тұрғын үй. Киев билігі соғыс басталғалы қалада 222 адам қаза тауып, 889 адам жараланды деп мәлімдеді.

Киев маңындағы қоймаға бомба түсіп, өртке оранды. 

Киев маңында өртеніп жатқан қойма. 

Ресей әскерилері Львов әуежайының айналасын атқылады. Львов - Украинаның батысындағы ең ірі қала.

Львов қаласындағы қала кеңесі ғимараты алдына 109 бос балалар арбасын қойылған. Ресей Украинаға басып кіргелі кемі 109 бала қаза тапты. 
 

Украинадан қашқан әйелдер мен балалар Польшадағы босқын орталығында отыр. БҰҰ есебінше, соғыс басталғалы Украинадан үш миллионнан аса адам босып кеткен. 

Ресей билігі Мәскеуде "Қырымның Ресей құрамына қосылғанына сегіз жыл толуын" тойлады. Мәскеу полициясының мәліметінше, "Лужники" стадионында өткен шараға 203 мыңдай адам қатысқан. Шараға Ресей президенті Путин келіп сөз сөйледі. Ресей Қырымды 2014 жылы аннексиялап алған. Осыдан соң Батыс елдері мен Мәскеудің арасы суып, Ресейге санкциялар салына бастады.