Георгий лентасы, аты ауысқан шеру. Жеңістің 77 жылдығы қалай өтті?
28 гвардияшы-панфиловшы паркіндегі "Батырларға тағзым" шеруі.
9 мамырда 28 гвардияшы-панфиловшы паркіне 10 мыңға жуық адам жиналды. Мәңгілік алауға алдымен Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері, содан соң Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев гүл қойды. Содан соң басқа жұрттың да ескерткішке гүл қоюына мүмкіндік берілді.
«Георгий лентасын шешпеймін. Бұл – Жеңістің символы» деді үлкен қара-сары жолақты лента таққан әйел.
Дегенмен «Георгий лентасын» Қазақстанның көгілдір лентасымен қатар таққандар да көп болды.
Парктің кіреберісінде қалағанның бәріне көгілдір лента таратып жатты.
Кеудесіне «Георгий лентасын» таққан қарт әйел.
Қазақстанда «Ажалсыз полк» шеруін «Батырларға тағзым» деп өзгертті. Бірақ оның мәні бұрынғыдай: жұрт Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан туыстарының портретін көтеріп шерулетіп, Мәңгілік алауға гүл қояды.
«Батырларға тағзым» шарасында плакат көтерген адамдар.
«Батырларға тағзым» шарасында плакат көтерген адамдар.
Паркке келген кісілер соғыс батырларының «мүсіндерімен» фотоға түсуге мүмкіндік алды. Денесін қола түске бояған актерлер «мүсін» рөлін ойнады. Дегенмен олардың кейіпкеріне ұқсауы міндетті емес сияқты. Мәселен мына суреттегі актер 1941 жылы қарашада Мәскеуді қорғау кезінде қаза тапқан генерал-майор Иван Панфиловтың рөлін ойнап тұр.
Стендтегі жазуға сенсек, мына суретте тұрған кісі – Совет одағының батыры, тәуелсіз Қазақстанның алғашқы қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов
Парктің әр бұрышында пилотка сияқты соғыс атрибуткасын сатып тұрғандар көп болды. Жеңіс күні мұндай заттарды жұрт көп алатын сияқты.
Қазақстанда қалған санаулы Социалистік еңбек ерінің бірі – 87 жастағы Вера Сидорова. СССР тұсында елге сіңген еңбегі үшін берілген ең жоғары награда осы болған.
28 гвардияшы-панфиловшы паркінде тәртіпті бақылап тұрған полиция қызметкері.
Мәңгілік алаудың қасында сәкіде отырған қарт әйел.
Мәңгілік алау жанындағы мемориалға гүл қою үшін кезекке тұрған жұрт.