Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу Владимир Путинге сепаратистік "Луганск халық республикасының азат етілгені жөнінде мәлімдеген" деп хабарлайды "Интерфакс".
Шойгудің сөзінше, Лисичанск қаласына Ресей әскері толық бақылау орнатқан.
Украина әскері кеше Луганск облысының Лисичанск қаласын тастап шыққан. Бұл жөнінде Украина әскері бас штабы "күші әлденеше есе басым жаумен ұстаспай шегінгенін, міндетті түрде қайта оралатынын" хабарлаған.
Лисичанск - Украина әскері бақылауындағы Луганск облысының соңғы қаласы болатын.
Кейінгі аптада Лисичанск қаласы үшін кескілескен шайқас жүрген.