Құқық қорғаушының азаптау шағымы қайта қарала бастаған тұста біреулер оның терезесін сындырды
Your browser doesn’t support HTML5
Өткен аптада 45 жастағы нұр-сұлтандық мүгедек құқық қорғаушы Жасұлан Сүлейменовтің үйінің терезесін біреулер таспен атқан. Құқық қорғаушы мұны өзіне жасалған ескерту деп бағалайды. 2009-2017 жылдар арасында "Терроризм" бабымен сотталған белсендінің шағымын сот БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитетінің ұсынысымен қайта қарай бастаған.