"Мешіт орнына зауыт ашқаны дұрыс еді". Назарбаев мешіт ашып, желіде тағы да талқы күшейді
Your browser doesn’t support HTML5
12 тамыз, жұма күні экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев астанада зәулім мешіттің ашылуына қатысты. Оның іргетасын Назарбаевтың өзі 2019 жылы президенттіктен кетерінен бір күн бұрын 18 наурызда қалаған. Кейбір сайт оны "Елбасы" деп жазды. Желі жұрты Назарбаевтың өзін де, оның жанында қаңтар оқиғасынан соң қызметтен алынып, ел көзіне түспей кеткен саясаткерлердің жүргенін талқылады.