Ауыл тұрғындарының айтуынша, орманға жақын үйлердің көбі өртенген. Отқа оранған үйлердің маңында кірпіштер, темір пештер, шатырлар, киім-кешек, мата, жемістер шашылып жатыр. Айнала күл, өрт шалған жердің бәрі қап-қара, демалу мүмкін емес. 5 қыркүйек 2022 жыл.
Өрттен кейін қалып қойған темір қазықтарды алып жатқан тұрғындар.
2 қыркүйекте басталған орман өрті басқа аймақтарға да жайылып, ресми мәлімет бойынша, 43 мың гектер жер өртенген. Аманқарағай ауылы. 5 қыркүйек 2022 жыл.
Аманқарағай ауылы маңында өрттен өлген жануарға қарап тұрған бала. Орман өрті кезінде жануарлар мен аңдар да өртеніп кеткен. 6 қыркүйек 2022 жыл.
Аманқарағай ауылында үйлердің өртін өшіруге бір-екі күн уақыт кетті.
Төтенше жағдай министрлігінің мәліметінше, өрт сөндіруге 224 техника, төрт тікұшақ, үш ұшақ, бес өрт сөндіру пойызы, 2139 адам жұмылдырылған. Аманқарағай ауылы. 5 қыркүйек 2022 жыл.
Аманқарағай ауылының тұрғындары өрттен кейін ауылға оралған сәт.
Төтенше жағдай министрлігінің мәліметінше, Аманқарағай ауылынан бөлек Озерное ауылында алты үй өртеніп, 250 адам басқа жаққа көшірілген. Колинино ауылынан 228 тұрғын, Лесное ауылынан 363 адам эвакуацияланған. Бағаналы ауылына да өрт қаупі төніп, тұрғындар басқа жаққа көшірілген еді. Аманқарағай ауылы. 6 қыркүйек 2022 жыл.
ТЖ министрлігінің мәліметінше, он адам жараланған я күйік шалған. Зардап шеккендердің бесеуі тұрғын, оның ішінде біреуі кәмелетке толмаған бала. Сондай-ақ орман шаруашылығының бір қызметкері, әкімдіктің бір жұмысшысы және ТЖ министрлігінің үш қызметкері жарақаттанған. Аманқарағай ауылы. 5 қыркүйек 2022 жыл.
Қостанай облысындағы өртке не себеп болғаны белгісіз. Төтенше жағдай министрлігі өртке күннің ыстықтығы себеп болуы мүмкін деп мәлімдеген. Өрттен соң "Отпен абайсыз жұмыс iстеу арқылы ауыр зардаптарға әкеп соққан не аса ірі залал келтірілген іс-әрекет", "Ормандарды жою", "Абайсызда екі не одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аманқарағай ауылы. 5 қыркүйек 2022 жыл.
Аманқарағай тұрғыны өртеніп кеткен үйінің жанында отыр. Аманқарағай ауылы. 5 қыркүйек 2022 жыл.
Аманқарағайда өртенген үй. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өрттен кейін Қостанай облысына барып, өртенген үйлерді үкімет салып береді деп уәде берді. Аманқарағай ауылы. 5 қыркүйек 2022 жыл.
Аманқарағай ауылында өртенген үйдің бірі. Аманқарағай ауылы. 5 қыркүйек 2022 жыл.
Экобелсенділер Қостанай облысындағы өрт орман шаруашылығын қаржыландыру мәселесін, маман тапшылығын, өрт сөндіру техникаларының ескілігін ашық көрсетіп берді деп санайды.
Қостанай облысында 2 қыркүйекте басталған орман өрті кейін басқа жерлерге жайылып, 5 қыркүйекке дейін жалын 43 мың гектар аумақты шарпыды. Бірнеше ауылдан 1800-дей адам эвакуацияланды, Аманқарағай ауылында кемі 85 үй өртке оранып, бір адам қаза тапты. Өрт зардабы қандай болды?