Ресейдің Иркутск облысында резервист әскери комисарды атып тастаған. Оқиға орнындағы видеоны Babr Mash жариялады.
Оқ тиген әскери комиссар аурухананың жансақтау бөліміне түскен, оқ атқан 25 жастағы Руслан Зининді полиция ұстаған. Baza ақпаратына қарағанда, оны дүйсенбі күні әскерге әкетпек болған. Зининнің әскери комиссариатқа қаруды қалай алып кіргені белгісіз. Ол атар алдында "қазір бәріміз үйімізге кетеміз" деп айқайлаған.
Ресейдің кейбір аудандарында жергілікті халықтың моблилизацияға қарсылық білдіріп жатқаны байқалған. Ресей билігі соғысқа 300 мың адам алатынын жариялаған, бірақ жергілікті БАҚ хабарына қарағанда әскерге алынып жатқандар одан әлдеқайда көп.
Ресей президенті Владимир Путин "ішінара мобилизация жасау" туралы жарлық шығарған соң әскери комиссариаттар мен жергілікті әкімшіліктерді өртеу көбейе бастаған.
Ресейдің көптеген қалаларында соғысқа қарсылық акциялары басталған, ең ірісі Дағыстанның Махачкала қаласында болып жатыр. 25 қыркүйектің кешінде соғысқа қарсы қарсы шыққан 2,5 мың адам қамауға алынған. Ресейдің мыңдаған азаматы шетел асып кеткен.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Ресей арнаулы қызметі Навальный штабының бұрынғы қызметкерін Қазақстанмен шекарадан қайтарған ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Мобилизациядан қашқандар, шекарадағы абыр-сабыр. Азаттық тілшілерінің көргені