Кирилл патриарх "соғыста қаза болғандардың барлық күнәсі кешіріледі" дейді

Кирилл патриарх (сол жақта) Ресей президенті Владимир Путинмен (оң жақта) кездесуі.

Ресей православ шіркеуінің басшысы Кирилл патриарх 25 қыркүйекте жексенбілік уағызында "соғыста жүріп қаза болғандардың барлық күнәсі кешіріледі деп сенеміз" деді.

Кирилл патриарх майданда "көп адам қырылып жатқанын", "шіркеу ағайынды халық бір-бірін өлтірген соғыстың тез аяқталғанын тілейтінін" айтты.

Бұған қоса, ол "парызын түсінгендер антына берік болып, әскери қарызын өтеп құрбан болса", "жасаған барлық күнәсі кешіріледі деп сенеміз" деді.

Кирилл патриарх бұл сөзін елде президент Путиннің мобилизациясына қарсылық күшейге тұста айтты. Батыс барлаушыларының есебінше, Ресей ақпаннан бері Украинадағы соғыста 70-80 мың әскериінен айырылған.

Ресей әскерилері Украинада тығырыққа тірелген тұста Путин "ішінара мобилизация" жариялады, ал қорғаныс министрі Сергей Шойгу әскерге 300 мың адам алынатынын мәлімдеді. Осыдан соң Ресейдің әр аймағында мобилизацияға қарсылық басталды. Бұдан бөлек, елден ер адамдар көрші елдерге қашып жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Ресейдегі мобилизацияға қарсылық: әскери комиссариат өкілін атты, өңірлерде наразылық күшейдіІшінара мобилизация жариялаған Ресей Орталық Азия мигранттарына көз тігіп отыр ма?"Көшуге дайынбыз". Ресейдегі қазақтардың мобилизация жариялағаннан кейінгі ахуалы