Санкт-Петербург губернаторы Александр Беглов Украинадағы "арнайы әскери операцияға" қатысушылардың құқықтарын тұрақты түрде бұзады, деп мәлімдеді сейсенбі күні Владимир Путин айналасындағы кәсіпкерлердің бірі, "Вагнер" жеке әскери тобы демеушілерінің бірі Евгений Пригожин.
"Мен де, "Вагнер" жеке әскери компаниясының жауынгерлері де Петербург губернаторынан зияннан басқа ештеңе көрмеді" деді Пригожин. Оның айтуынша, Беглов іс жүзінде "Украинаның қарулы күштеріне зор қолдау көрсетіп отыр". Кәсіпкер губернатордың қалай көмектесіп отырғанын түсіндірмеді.
Осыған дейін Пригожин Украинадағы "әскери операцияға" қатысып жатқан ресейлік "Центр" құрлық әскер армия тобының жетекшісі, генерал-полковник Александр Лапинді қатаң сынаған. Пригожин, Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың ізінше, Лапинді Ресей жаулап алған аумақты украин күштеріне беріп қойды деп айыптаған. Кремль өкілдері Лапинді сынау туралы Пригожин мен Қадыровтың "жеке пікір айтуға құқығы бар" екенін жеткізген.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Қадыров Лиманда шегінген генерал-полковникті айыптады