"Қасиетті жерімізді қанды аяғымен баспасын". Желіде Путиннің Астанаға келуіне қарсылар көбейді
Your browser doesn’t support HTML5
Ресей президенті Владимир Путиннің 12-14 қазан күндері Астанаға келуіне байланысты әлеуметтік желіде қарсылық күшейді. Құқық қорғаушы, саясаттанушылар мен қарапайым азаматтар оның Украинаға ашқан соғысын айыптап, Қазақстанға сапарына тосқауыл қоюды талап етеді. Билік өкілдері Путиннің келуі аса маңызды екенін айтады.