Ақтөбеде Қаңтар ісі бойынша 18 адамның соты басталды
Your browser doesn’t support HTML5
Ақтөбе облыстық соты Қаңтар оқиғасынан соң айып тағылған 18 адамның ісін қарай бастады. Олардың көбі жаппай тәртіпсіздікке қатысу бабымен күдікке ілінген. Арасында тоғыз айдан бері қамауда отырғандар да, үйқамақта жүргендер де бар. Бәрі «отбасымыздың күнкөрісі қиындап кетті» дейді.