"Алға, Қазақстанның" Астанадағы митингісі өтпей қалды. Шара белгіленген жерде полиция күзеті күшейді
Your browser doesn’t support HTML5
Астанада "Алға, Қазақстан" тіркелмеген оппозициялық партиясының Республика күніне белгіленген митингісі белгіленген жерді полиция қоршап, митинг өтпеді. Он шақты белсенді ұсталып, кейін босатылды. Белсенділер билікке президент сайлауын өткізбеуді, барлық саяси партияны тіркеуді, Қаңтар оқиғасын халықаралық деңгейде ашық зерттеп, саяси тұтқындарды босату талабын қоймақ болған.