20 қарашаға қараған түні белгісіз біреулер Elmedia кеңсесі есігінің терезесін шағып кетті, деп хабарлады басылымның бас редакторы Гүлжан Ерғалиева.
Оның сөзінше, өткенде есік терезесінің тек бір бөлігін ғана сындырып, кіреберіс жердегі асфальтқа Elmedia. Kz News деп жазып кеткен.
"Ғимараттың күзеті нашарлау, бақылау камерасы жоқ және ғимарат иелері кіреберіс жердің бақылауын қажетті дәрежеде қамтамасыз етпейді. Полиция өткеннен бері ештеңені анықтаған жоқ. Ондай басқыншыларды интернет арқылы жалдау оңай деп айтылады, кез келген тапсырысты орындайды. Терезе шағуды маған жасалған ескерту деп қабылдаймын, сонымен бірге жұмысымызды қиындатып, бізді осы жақтан қуу талпынысы деп түсінемін" деді Ерғалиева Фейсбук желісінде.
Ерғалиева "бізге не жасамасын, редакцияны бәрібір тоқтата алмайды" деп мәлімдеді.
Қазан айында белгісіз біреулер редакция кеңсесі есігінің терезесін сындырып, кіреберіс жерге "Elmedia. Kz News" деп жазып кеткен. Редакция оқиғаны "журналистерге ескерту" деп бағалаған.
Қазақстан халықаралық "Шекарасыз тілшілер" ұйымының "Сөз бостандығы индексінде" 180 елдің арасында 122-орында тұр. Құқық қорғаушылар елде сөз бостандығының ахуалын күрделі деп бағалайды.
Қарай отырыңыз: Elmedia редакциясы "шабуылға ұшырады" (19 қазан 2022 жыл).
Your browser doesn’t support HTML5