Бәсекесіз жеңіс, бүлінген бюллетень
Your browser doesn’t support HTML5
Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бақылаушылары Қазақстанда өткен президент сайлауын тағы да әділ деп атамады. "Сайлау бәсекесіз өтті" дейді. Сайлауға қарсылықтың тағы бір түрі ме? Дауыс беру кезінде наразылар бюллетенде Тоқаевтың есімі тұрған тұсқа қаңтар туралы жазып кеткен. Қасым-Жомарт Тоқаевты көрші елдің президенттері құттықтап үлгерді. Жеңілген кандидаттардың бірі "есеңгіреп" қалса, тағы бірі көңіл күйінің "нашар" екенін айтты.