Белсенді Асқар Қаласовты ақтық сапарға шығарып салды
Your browser doesn’t support HTML5
Ақтөбеде оппозициялық белсенді Асқар Қаласовты жерледі. 57 жастағы Қаласов өмірінің соңғы үш айын полициядан жасырынып, үйінен жырақта өткізген. Белсендінің сүйегі бір апта бұрын Жамбыл облысы Байзақ ауданынан табылған. Жамбыл полициясы "Қаласов өзін-өзі өлтірген" деп санайды. Қаласовтың серіктері оған сенбейді.