Назарбаевты қорғайтын "Елбасы" заңы жойылмақ. Бұл нені білдіреді?
Your browser doesn’t support HTML5
Қазақстан парламенті экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасы мүшелерін қылмыстық қудалаудан қорғайтын "Тұңғыш президент – Елбасы туралы" заңның күшін жоюға кірісті. Мәжіліс төрағасының айтуынша, заң тағдыры келесі жылдың басында шешіледі.