"Әкімдік, сылтау айтпа!" Алматыда 100-ден астам адам әйелдер шеруіне рұқсат беруді талап етті
5 ақпан, жексенбіде Алматыдағы Ганди паркіне 100-ден астам адам жиналды.
Жиналғандар 8 наурызда әйелдер шеруін өткізуге рұқсат беруді талап етті.
Бұған дейін әкімдік белсенділерге 8 наурызда басқа ұйымның шарасы өтетінін айтып, "әйелдер шеруін өткізу" туралы өтінішті қабылдамаған болатын. Жексенбілік митинг кезінде белсенділер сол шешімді сынады. "Марш болсын" және "феминистерге орын табылмай ма?" деген жазуы бар плакат ұстаған екі белсенді. Алматы, 5 ақпан, 2023 жыл.
"Феминита" бастамасының негізін қалаушы Жанар Секербаева (оң жақтан үшінші тұр) "әйелдер қайғы-мұңын қоғамға жеткізгісі келеді, сондықтан белсенділер биліктің шеруге тыйым салуына рұқсат етпейді" деді.
Жиналғандар алдында сөйлеген спикерлердің көбі қоғамдағы әйелдер теңсіздігі мен олардың зорлық-зомбылық көруін, саясаттағы орнын айтты. Алматы, 5 ақпан, 2023 жыл.
Қызылордадан келген белсенді Жәмила Қасымхан "8 наурызда әйелдерге гүл емес, құқығын қорғауға мүмкіндік беру керек" деді.
Белсенділер алашордалықтар айтып кеткен әйел теңдігі Қазақстанда әлі ескерілмей жатыр деп есептейді. "Әкімдік, әйелдерге жол бер!", "Үнсіз қалма, шыдама, айт!" деген жазуы бар плакат ұстаған белсенділер.
Митингіде гендерлік теңдік мәселесі де айтылды. Белсенділердің ойынша, елде әйел саясаткерлер аз болғандықтан, олардың құқықтары да қорғалмай отыр. Суретте – "Марш болсын" деген жазуы бар плакат ұстаған қыз.
Митингіге келгендер.
Митингіге келгендердің бірі "Әйел, өмір, еркіндік!" деген жазуы бар плакат ұстап тұр. Мұндай ұран былтыр қыркүйекте Иранда құқық қорғаушы Махса Әмини өлімінен кейін тұтанған наразылық кезінде жиі айтылды. Наразылыққа қатысушылар әйел құқығын қорғауды талап етіп, полицияның күш қолдануына қарсылық білдірген.
Митингіге келгендер.
"Мемлекет мені зорлық-зомбылықтан қорғағанын қалаймын" деген жазуы бар плакат ұстаған қыз. Алматы, 5 ақпан, 2023 жыл.
Митингіні ұйымдастырушылардың бірі – белсенді Фариза Оспан.
"Біз қарапайым халықпыз" деген жазуы бар плакат ұстаған адам. Бұл Қаңтар оқиғасы кезінде Республика алаңына бейбіт түрде шыққан халықтың қолында болған үлкен плакатпен үндеседі. Куәгерлердің айтуынша, сол кезде алаңға шыққандардың көбі оққа ұшқан. Қанды Қаңтар кезінде кемінде 238 адам опат болды.
Митингіге келгендер.
Митингіге жиналғандар.
Митингіде "Бізге хан керек емес" деген жазуы бар газет те байқалды.
Митингіден көрініс.
Әйелдер шеруін өткізуге рұқсат беруді талап еткен митингіні полицейлер мен Алматы әкімдігің қызметкерлері бақылады. Жиын өткен жерде бір автозак тұрды.
Митингіге жиналғандар.