Түркия мен Сирияда зілзаладан 10 күн өткеннен кейінгі жағдай қандай?

Түркияның жер сілкінісінен қатты зардап шеккен Антакия қаласында жүрген әскерилер. 16 ақпан, 2023 жыл. 

Қазір Түркияда әртүрлі елден келген құтқарушылар 6 ақпандағы жойқын жер сілкінісінен қираған үйлерді аршып жатыр. Күн өткен сайын аман қалған адамдарды табу қиындап барады. 

 

Құтқарушылар Антакиядағы үйінді астынан қаза тапқан адамның мәйітін алып шыққан сәт. 16 ақпан, 2023 жыл. 

Түркия мен Сирияда болған зілзаладан 10 күн өтті, қазір екі елде қаза тапқандар саны 42 мыңға жуықтады. Түркияда 35 мыңнан астам адам, Сирияда кемі 5800 адам қаза болған. 

Антакия қаласында қираған мешіт маңында намаз оқып жатқан адамдар. 16 ақпан, 2023 жыл. 

Антакия қаласында қирап қалған үйдің жанында отырған тұрғындар. 16 ақпан, 2023 жыл. 

Қаһраманмараш қаласында қираған үйдің маңында тұрған адамдар. 16 ақпан, 2023 жыл. 

Бұл қалада 17 жастағы қыз 10 күннен кейін үйінді астынан тірі табылды. Құтқарушылар қызды 16 ақпанда құтқарған. Бұл туралы Reuters агенттігі Түркияның TRT Haber телеарнасына сілтеме жасап хабарлады. Ал кеше, 15 ақпанда осы қалада қираған үй астынан 42 және 74 жастағы екі әйел құтқарылғаны хабарлаған еді. Антакия қаласында бір әйел мен оның екі баласы үйінді астынан аман табылды.

Қаһраманмараш қаласында үйінді жанындағы ағашқа ілінген баланың суреті. 16 ақпан, 2023 жыл. 

Америкалық JP Morgan қаржылық компаниясы 16 ақпанда "Түркияға жер сілкінісінен келген шығын 25 млрд долларға дейін жетуі мүмкін" деп мәлімдеді.

Қаһраманмарашта тамақ кезегінде тұрған адамдар. 16 ақпан, 2023 жыл. 

Қаһраманмарашта уақытша паналау орталығында құстарын қарап отырған ер адам. 15 ақпан, 2023 жыл. 

Түркияның Хатай провинциясы жер сілкінісінен қатты зардап шекті. 15 ақпан, 2023 жыл. 

Хатай аймағының орталығында үйсіз қалған жұрт далада отыр. 15 ақпан, 2023 жыл. 

Сирияның жер сілкінісінен қатты қираған Жандарис қаласы. 15 ақпан, 2023 жыл. 

Елдегі қарулы қақтығыстар мен саяси жағдайға байланысты жер сілкінісі болған аймаққа көмек жеткізу қиындап тұр. БҰҰ Сирияда құтқару жұмыстары баяу жүріп жатқанын мәлімдеп, қаза тапқандар саны алдағы күндері өсуі мүмкін екенін ескертті.

Сирияның Жандарис қаласында қираған ғимараттар. 15 ақпан, 2023 жыл. 

6 ақпанда Түркия мен Сирияда болған 7,8 балл жер сілкінісінен кейінгі құтқару және үйінді аршу жұмыстары жалғасып жатыр. Түркияға 90-ға жуық елден құтқарушылар барған. Ал Сирияға көмек жеткізу қиын болып тұр. 16 ақпандағы дерек бойынша, екі елде зілзаладан қаза тапқандар 42 мың адамға жуықтады.