"Балаларымды көп ұрамын". "Ата-анам арақты көп ішеді, бастаған ісім өнбейді". Тыңдарман сауалдарына жауап
Your browser doesn’t support HTML5
Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкасының 10-эпизодында психолог Сая Бақимова тыңдарманнан келген сауалдарға жауап берді. Бұл эпизодта оларды мазалаған "Балаларымды көп ұрамын, не істесем болады", "Ата-анамның екеуі де арақ ішеді, қалай қойдыра аламын", "Бастаған ісім өнбейді, TikTok-та көп отырамын, қалай қоямын", "Жаңа ортаға барсам, сөйлей алмай қаламын, не істеймін?" деген сауалдарды кеңірек талқыладық. Эпизодты Азаттық сайтынан, YouTube-тегі арнамыздан я Apple Podcasts, Google Podcasts платформаларынан тыңдай аласыздар.