"Саяси дебат болуы үшін шынайы саяси бәсеке керек". Партиялардың пікірсайысы қалай өтті?
Your browser doesn’t support HTML5
19 наурыздағы мәжіліс пен мәслихат сайлауына қатысатын жеті партия өкілдері 1 наурыз күні мемлекеттік телеарнада дебат өткізді. Әлеуметтік, экономикалық тақырыптарға арналған пікірсайыста Қаңтар оқиғасы, құрбандар өлімінің тергелуі, елдегі адам құқығы мәселелері айтылмады.